Головкин-Альварес жекпе-жегін әлемнің 130 елі тамашалайды

Промоутер Том Леффлер GGG жеңсе, оның танымалдылығы арта түседі деп санайды.

«Бұл кездесуді көпшілік асыға күтуде. Геннадий үшін де арман болған жекпе-жек. «Канеломен» шаршы алаңда жұдырықтасу өзгелерінен мүлдем басқаша деңгейде болмақ. Жеңіске жетер болса жанкүйерлер саны да арта түсері анық. Жекпе-жекті тамашалағысы келетіндер 3 апта бұрын билетті сатып алды, ол 120-130 мемлекетте көрсетілетін болады», — деді Леффлер The Ring тілшісіне берген сұхбатында.

Геннадий Головкин мен Сауль “Канело” Альварестің жекпе-жегіне билет ала алмағандар Лас-Вегастың мәдени демалыс орталықтарында жабық түрдегі тікелей көрсетілімді көре алады. Оның құны – 75 доллар.