Егіндікөл ауданында басқа да өңірлердегідей егін науқаны қызу жүріп жатыр. Бұған ақмолалық журналистер куәгер болып келді.
Ең алдымен, баспасөз турына барған журналистер аудан әкімі Нариман Төлеповпен кездесті. Әкім өңірдегі егін жинау науқанының қарқыны қалай жүріп жатқандығымен таныстырды.
Бірінші болып аудан орталығындағы Олег Уразалиновтың «Саят» шаруашылық қожалығында болып, бидай өңдеу орындарын аралады.
Келесі, Спиридоновка ауылдық округіндегі Нұржан Бисимбаевтың «Армавирский» ЖШС барды. Шаруашылық егінмен қатар ірі қара мал шаруашылығымен де айналысады. Мұнда шамамен 110 адам қызмет етсе, оның 60-ы тұрақты жұмыскерлер. Олардың жалақылары жоғары, әрі уақытылы төленіп тұрады. Аянбай еңбек етіп жатқан қызметкерлер егіннің 90% жинап тастағандарын айтты.
Н.Бисимбаев өз сөзінде былай деді: «Барлық жерде жұмыс бірдей. Қай жерде жұмыс болса, сонда жұмыс жасау керек».
БАҚ өкілдері үшінші барған шаруашылық — Ұзынкөл ауылындағы Бахтияр Искаковтың «Ушаков Агро» ЖШС. Мұнда да ірі қара мал өсіреді. Жалпы саны 55 адам жұмыс жасайды. 1999 жылдан бастау алған шаруа қожалығының жұмыскерлері басшыларына ризашылығын білдіріп, қиын жағдайда болған ауылдың жағдайын бүгінгідей дәрежеге жеткізгендігін мақтанышпен айтты.
Жалпы, журналисттер Егіндікөл жерінің шынымен де астыққа бай өлке екендігіне көз жеткізді. Ауданның атауы да осы байлығына байланысты болса керек.