ҚР Қорғаныс министрлігінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі генерал-полковник Сәкен Жасұзақовтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті елшісі Мохамад Альджабермен кездесуі өтті. Кездесу аясында БАӘ-ның елшісі Мохамад Альджабер БАӘ өкілдігі жанындағы жаңа әскери атташе бригадалық генерал Рашед Әли Сейф Альмахразиді таныстырды. ҚР Қорғаныс министрі өз кезегінде, Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктерінің өкілдігі жанында әскери атташе аппаратының ашылғанына дән риза болып, сондай-ақ бұл қорғаныс саласында іс жүзіндегі өзара қарым-қатынасты дамытуға едәуір ықпал ететініне сенім білдірді. Сонымен қатар, кездесу барысында қорғаныс саласындағы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.