Каталония автономиясының басшысы Карлес Пучдемон Испаниядан бөлініп шығу үшін референдум өткізбек. El Pais газетінің жазуынша, олар 1 қазаннан бастап тәуелсіз ел атануды көздеп отыр, деп жазады «ҚазАқпарат«.
Испания басшылығы референдум өткізуге қарсы, себебі олар жақында ғана жалпыхалықтық дауыс беру өткізуге қатысты жаңа заңды қабылдаған еді. Онда референдум нәтижесінде халық Испаниядан бөлініп шығуды қаласа, рұқсат етілетіні жазылған.
Референдум сәтті аяқталса, Каталония тәуелсіздік алады. Егер сәтсіз өтсе, автономияда қайтадан сайлау өткізіледі.