Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін қалай тойлады?

Астана

«Ұлы дала елі» монументі ашылды

Ұлы дала елі монументі

16 желтоқсан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Астанада жаңа 25 қырлы монументті ашты. Жаңа монумент 2017 жылы Астанада өтетін Экспо көрмесінің аумағында орналасқан.

Тәуелсіздіктің 25 жылдына арналған отшашу

Отшашу

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құрметіне «Хан-Шатыр» сауда орталығының жанында мерекелік отшашу болды. Одан бөлек осындай шара Есіл өзенінің жағалауында, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында да ұйымдастырылды.

Алматы

Тәуелсіздік монуметіне гүл шоқтарын қою

Тәуелсіздік монументіне гүл қою

Тәуелсіздік монументі алдында салтанатты жиын болып, гүл қою рәсімі өтті. Жиын соңында, Қазақстан Құрлық әскерлерінің әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары бүгінгі рәсімге жиналғандар алдынан салтанатты түрде сап түзеп өтті.

ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды ұлықтайтын ескерткіш тақта ашылды

ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды ұлықтайтын ескерткіш тақта

Қазақ ССР-інің бұрынғы Үкімет үйі (ҚБТУ) қабырғасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды ұлықтайтын ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға зиялы қауым, қоғам қайраткерлері, қаланың құрметті азаматтары, тұрғындар мен жастар және тарихи құжатты қабылдағандар өкілдері қатысты.

Талдықорған

Салтанатты автошеру

Автошеру

Талдықорғанда 25 автокөлік көк туымызды желбіретіп Тəуелсіздік көшесімен жүріп өтті. Автошеру шаһарға кіре берісте орнатылған Қабанбай батыр ескерткіші жанынан басталып, Қадырғали Жалайыри ескерткішіне дейін жалғасты.

Аягөз

«Тәуелсіздік таңы» ескерткіші ашылды

Тәуелсіздік таңы ескерткіші

Тәуелсіздікке арналған еңселі ескерткішті ауданның бір топ қайраткерлері мұрындық болып, іскер азаматтар өз қаражаттарына тұрғызыпты. «Осылайша, ел мен жерге тағзым еткіміз келді» дейді олар. Жаңа нысан ардагерлер саябағында орналасқан.

Петропавл

Халықтық серуен

Петропавлдағы тәуелсіздік күні

Солтүстікқазақстандықтар 30 градустық аязға қарамастан, маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі — ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығын қарсы алуға Орталық алаңға шықты.  Мерекелік концерт қойылып, соңы отшашуға ұласты.

Өскемен

Халықтық серуен

Өскемендегі тәуелсіздік күні

Тәуелсіздік күнін атап өту әртістердің өлең айтып, би билеп, өнер көрсеткен концертінен бастау алып, халықтық серуенге ұласты. Түрлі алаңдарда тұрғындардың ұнатқан ісімен айналысуына, яғни армрестлинг, гір немесе арқан тарту спорттық ойындарын ойнауларына мүмкіндік туды. Түс ауа ауылшаруашылық тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болатын мерекелік сауда-саттық басталды. Қолөнершілер өз жұмыстарын ұсынды.

Тараз

ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент ашылды

ҚР Тәуесіздігінің 25 жылдығына арналған монумент Тараз

Монумент Төле би даңғылы мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында орналасқан. Монументтің салтанатты ашылуына облыс басшысы Кәрім Көкірекбаев, шығармашылық тұлғалар, ардагерлер мен жастар жиналды. Аталған шара барысында облыс басшысы монументке гүл шоқтарын қойып, көпшілікті алдағы келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Бұдан бөлек…

Еліміздің ұлық мерекесі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойына орай Қазақстанның түпкір-түпкірінде түрлі флешмоб өткізілді.

Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкенттегі «Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері бір мезетте 25 санын жазып мерекелік сап түзеді.

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де тосын акция ұйымдастырды. Өңірдегі полиция органдарында қызмет ететін Қазақстан Тәуелсіздігінің 82 құрдасы мен 25 шолғыншы көлігі мерекелік дата логотипін жазды.

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жылҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл

Антарктиданың биік шыңында Қазақстанның туы

Антарктидада Қазақстанның туы

Еліміздің тарихында алғаш рет Тәуелсіздік күні мемлекеттік туымыз Антарктиданың ең биік нүктесі- Винсон шыңына (4892 м) орнатылды. Полярлық экспедиция қатысушылары — белгілі альпинистер Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков ауа райының өзгерістеріне байланысты кестеге енгізілген түзетулерге қарамастан, Винсон шыңына шықты.

ДереккөзҚазАқпарат