7 қыркүйек — соғыс ойыншықтарын жою күні

Соғыс ойыншықтарын жою күні

1988 жылы Жер бетіндегі жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынан айырылған балаларға көмек көрсету жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың бастамасымен соғыс ойыншықтарын жою күні алғаш рет аталып өтті.

Мемлекеттік қызмет күні

Бүгін Непалда мемлекеттік қызмет күні аталып өтіледі. Бұл мереке алғаш рет 1956 жылы тойланды. Себебі, дәл сол жылы мемлекеттік қызмет туралы заң қабылданған болатын.

Әуе қорғаныс күштері күні

7 қыркүйек — Пәкістанда әуе қорғаныс күштері күні. Бұл 1965 жылы Екінші үнді-пәкістан соғысының аяқталуына байланысты белгіленген Пәкістанның әскери мерекелерінің бірі.

Бейбітшілік пен жеңіс күні

Бүгін — Мозамбикте жеңіс күні тойланады. 1974 жылы Португалия мен Мозамбик арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Бұл оқиға Мозамбик тәуелсіздігі үшін соғысқа нүкте қойды.

Халықаралық Дюшенн бұлшықет дистрофиясы туралы мағлұмат алу күні

Бұл күн Еуропа парламентінің қолдауымен өткізіледі. Оның басты мақсаты — ауру туралы кең ақпарат беру, науқастардың өмір сапасын арттырып, өмір сүру ұзақтығын көбейтуге мүмкіндік беретін терапия жөнінде жұртшылықты хабардар ету.