Басты бетАстанада заңсыз...

Астанада заңсыз таксилерге айыппұл салынады

Бұл туралы қалалық жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов мәлімдеді.

Оның айтуынша, көптеген такси жүргізушілерінің арнайы құжаты жоқ. Астанада 12 қыркүйектен бастап көлік жүргізушілерінің заңсыз қызметінің алдын алуға бағытталған жедел шара өткізіледі.

Көшеде құжатсыз жолаушы тасып, пайда тапқандарға кемінде 5 айлық есептік көрсеткіштен жоғары айыппұл салынады. Бұл шара жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалмақ.

Айта кетейік, биыл Астанада такси көліктерінің жаңа эскизі мен көлік жүргізушісінің киім үлгісі бекітілген болатын. Қазір қалада 14 арнайы қызмет көрсететін компания бар.