Шілде айының ортасында каталониялық клубтың президенті Хосеп Бартомеу клуб аргентиналық шабуылшымен келісімшартты ұзарту туралы келісімге келгенін хабарлаған еді. Мұндай мәлімдемені кеше клуб директоры Альберт Солер де айтты. Бірақ клуб пен шабуылшы келісімшартты ұзарту туралы келісімге әлі келмеген.
Басылым Мессидің қазіргі клуб басшылығына көңілі толмайтынын айтып, егер басшылық ауыспаса, келер жылы командадан кететінін жазады.
Еске салайық, 30 жастағы шабуылшы каталониялық клубтың сапында 2000 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыттың ішінде ол төрт рет «Алтын допты» сегіз рет Испания біріншілігін, бес рет Испания кубогын, төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алған. Жалпы, клубтық деңгейде Месси «Барселонамен» 30 кубок еншілеген.
Айта кетейік, Мессидің «Барселонамен» келісімшарты 2018 жылдың 30 маусымында аяқталады.