Қайрат Нұртастың «Арманын» қашан тамашалаймыз?

Танымал әнші Қайрат Нұртас басты рөлде ойнайтын «Арман» атты жаңа фильмнің премьерасы қашан өтетіні белгілі болды.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

«Көптен күткен фильм! Алғаш рет Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Абдукәрімова «Арман» фильмінде, бірге басты рөлде ойнайды! 12 қазаннан бастап Қазақстанның барлық кинотеатрларынан көре аласыздар!», — деп жазды Қайрат Нұртас фильмнің афишасын жариялап.

Аталған фильм әншінің кино жолындағы алғашқы қадамы емес. Ол 2016 жылы жарық көрген «Тағдыр» фильмінде қарақшының рөлін сомдаған. Сонымен қатар, 2013 жылы Қайрат Нұртастың өз өмірі туралы «Өкініш» фильмі шығып, көрерменге ұсынылған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version