Басты бет Жаңалықтар Қайрат Нұртас «Астана дауысы» халықаралық фестиваліне қатысады

Қайрат Нұртас «Астана дауысы» халықаралық фестиваліне қатысады

Астанада алғаш рет 27 тамызда "Астана дауысы" халықаралық фестивалі өтеді.

Аталмыш фестивалге 15 мемлекеттің үздік әншілері қатыспақшы.

Атап айтқанда, Франция, Нидерланды, Швеция, Болгария, Румыния, Албания, Молдова, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Иран, Грузия және Қазақстандағы музыкалық хит-шерулердің абсолюттік көшбасшылары өнер көрсетеді.

Елімізде өтетін шараға шетелдік әншілер Григорий Лепс, Светлана Лобода, Бьянка, Вилли Уильямс, Ильяс Ялчинташ, Араш, DJ Sava, Ева Симонс келеді. Ал Қазақстанның атынан фестивальге Қайрат Нұртас қатысады.

Айта кетейік, үлкен концерт «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version