Басты бет Жаңалықтар «Анаға апарар жол» фильмі халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

«Анаға апарар жол» фильмі халықаралық кинофестивальде жүлдеге ие болды

Отандық «Анаға апарар жол» фильмі «Үздік көркем фильм» жүлдесін иеленді.

«Марко Поло» кинофестивалі тамыздың 23 мен 27 аралығында Хорватияда өтті. Сондай-ақ, аталған кинотуынды «Ең үздік сценарий» және «Көрермендер көзайымы» жүлделерімен марапатталды.

 «Анаға апарар жол» фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және «Новый мир» ЖШС-мен бірлесе түсірілген. Кинода өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдыры баяндалады. Картинаның режиссері — Ақан Сатаев.

Қазақстандық делегация құрамында «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөлдерді сомдаған актерлер Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, картинаның продюсері Жарасхан Күлпиенов, сондай-ақ, Хорватиядағы ҚР елшілігінің қызметкерлері болды.

Айта кетейік, биыл фестивальге Әзірбайжан, Болгария, Үндістан, Индонезия, Иран, Қазақстан, Корея, Түркия, Хорватия және басқа да елдерден келген фильмдер қатысты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version