Бүгін әлем чемпионатында үш қазақ боксшысы алтынға таласады

Чемпионатының соңғы күнінде үш қазақ боксшысы алтынға таласады. Бәсекеде мықтылар іріктеліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер толықтай белгілі болмақ.

Қазақстаннан алтынға Қайрат Ералиев (56 кг), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және (91 келіге астам) Қамшыбек Қоңқабаев таласады.

Әлем чемпионатының финалдағы жарыс кестесі:

49 келі: Hoanis Arhilagos (Куба) — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);

52 келі: Жосван Виития (Куба) — Жасурбек Латипов (Өзбекстан);

56 келі: Қайрат Ералиев — Дюк Раган (АҚШ);

60 келі: Лазаро Альварес (Куба) — Софиан Умиа (Франция);

64 келі: Икболжон Холдаров (Өзбекстан) — Энди Крус Гомес (Куба);

69 келі: Шахрам Ғиясов (Өзбекстан) — Ронел Иглесиас (Куба);

75 келі: Әбілхан Аманқұл — Александр Хижняк (Украина);

81 келі: Хулио Сесар la Cruz (Куба) — Джозеф Уорд (Ирландия);

91 келі: Евгений Тищенко (Ресей) — Эрисланд Савон (Куба);

91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев — Магомедрасул Межидов (Әзірбайжан).

Еске сала кетейік, осыған дейін Гамбургтегі әлем чемпионатының финалына Қамшыбектен өзге Қайрат Ералиев (56 келі) пен Әбілхан Аманқұл (75 келі) шыққан болатын. Ал Жомарт Ержан (49 келі), Василий Левит (81 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (69 келі) қола жүлдегер атанды.

ДереккөзInform.kz