Биыл 1 қыркүйек, Білім күні, Құрбан айт мейрамымен тұспа-тұс келгендіктен, алғашқы қоңырау соғу салтанаты 2 қыркүйекке ауыстырылды.
Айта кетейік, жыл сайын 1-сыныпқа баратын оқушылардың саны артып келеді. 2016 жылы мектеп табалдырығын 370 мыңға жуық бала аттаса, биыл олардың саны 10 мың балаға артты.
Осыған байланысты еліміздің барлық өңірлерінде жаңадан мектептер салынып жатыр.
Биыл 75 жаңа мектепті пайдалануға беру жоспарланса, соның 35-і бүгіннен қолданысқа берілді. Мұнан бөлек, 300 мектепке күрделі жөндеу, ал 410 мектеп ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Еске сала кетейік, 2016/2017 оқу жылынан бастап еліміздің 1-сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқи бастады. Ал биыл 2, 5 және 7-сынып оқушылары жаңартылған білім бағдарламасына көшеді.