Басты бетЖаңалықтарЖурналистерге Қорғалжыңда...

Журналистерге Қорғалжыңда баспасөз-туры ұйымдастырылды

Бағдарлама бойынша, журналистер Қорғалжың мемлекеттік табиғи қорығында, көлдер мен табиғат аясында, «Қаражар» демалыс орнында болды. Бұл туралы Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Қонақтар Қорғалжын мемлекеттік мұражайын тамашалады. Мұражай 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды. Мұнда олар жергілікті табиғатпен танысып, қорық жайында, жалпы аудан жайында мол ақпарат алды. Бұдан әрі журналистер Қызыл кітапқа енген фламинго құсынан бөлек, Қорғалжын көлдерімен, балығымен танысты.

Айта кетейік, Қорғалжың қорығына журналистермен қатар ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне келген Германиялық туристер де барды. Қорық қызметкерлерінің айтуынша, шетелдіктерді еліміздің табиғаты өте қызықтырады, келушілердің қатары да арта түскен.