Басты бетТанымАрықтағыңыз келсе,...

Арықтағыңыз келсе, «Бір қасық» ережесін ұстаныңыз

1. Ішімдіктен мүлде бас тартыңыз

1 литр таза спиртте (96%) 7000 ккал бар. 100 гр құрғақ шарапта 56-70 ккал болады. Диетаға келгенде бүкіл спирттік ішімдіктер денсаулыққа еке есе зиян.

2. Көбірек жеміс-жидек жеңіз

Жеміс-жидектерде май жоқ, бірақ оларда көптеген дәрумендер мен өзектер бар, сондықтан  күніне бір-екі жеміс-жидек жесеңіз, сіз қарныңызды тойдырасыз осылай аштық сезімінен арыласыз. Бұдан басқа жеміс-жидектерде пайдалы көмірсулар бар, олар арықтауға еш кедергі келтірмейді, керсінше олар заттектердің алмасуына өте жақсы көмектеседі.

3. «Бір қасық» ережесін ұстаныңыз

Тамақ ішкенде табағыңыздың түбіне бір қасық асты жемей қалдырып отырыңыз. Бір қарасаң, бір-ақ қасық. Ал негізінде сіз табақтың түбінде сол бір қасық тамақты қалдырмасаңыз, тағы екінші табақ ішуге тәбетіңіз де ашылып кетуі мүмкін емес пе?!

4. Жиі қозғалыста болыңыз

Әсіресе, кеңседе күн ұзақ отыратындар үшін бұл ережені бұлжытпай орындау маңызды. Әр сағат сайын кемінде бір рет компьютер алдынан тұрып, 5-10 минут жүріп келіңіз. Қозғалыссыз отырғаннан гөрі тұрғанда, әсіресе, қозғалып, ары-бері жүргенде бойдағы майдың еруі жылдам болады.

5. Дұрыс тамақтаныңыз

Денеңізде артық майдың бар екенін байқасаңыз, тамақтану тәртібін өзгертіңіз. Әдетте дұрыс тамақтану тәртібін белгілі бір уақытқа дейін ғана ұстанамыз. Шындығында ол салауатты өмір салтымыздың бір бөлшегіне айналуы тиіс. Қатаң тәртіпті талап ететін диеталар бірден өз нәтижесін көрсетеді. Ол үшін диетолог мамандарға жолығып, күнделікті жейтін тағамдарды пайдаласымен алмастырғанымыз жөн. Тамаққа тәбетіңіз ашыла қалса, бірден бір стакан су ішіп алыңыз. Бұл тәсілдің көмегі мол. Сондай-ақ күніне 1,5 литрдей су ішу керектігін есіңізден шығармаңыз.

6.  Жаяу көбірек жүріңіз

Жаяу жүргеннің әсері мол. Бұл өз кезегінде арнайы арықтау жаттығуларымен айналысқанмен тең. Сонымен қатар, аз ұйықтасаң көп қозғаласың, ал бұл өз кезегінде тез арықтауға әкеледі деген қате пікір бар. Бірақ бұл түсінгендеріңіздей қате пікір.Егер де тәулігіне 8-9 сағаттан аз уақыт ұйықтасаңыз организім тез шаршап, сіз тез қозғала алмайсыз.