Қолды қанша рет жуу керек?

Күніне қанша мәрте қол жуу керектігі адамның істейтін қызметіне тікелей байланысты. Алайда, барлық адамдарға ортақ ережелер де бар. Тамақтанар алдында, дәретханадан шыққан соң, сырттан келген соң, үй шаруасын аяқтаған соң және қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерден келген соң, сондай-ақ үй жануарларымен ойнап, тамақтандырған соң қол жуу міндетті. Осы жағдайлардың бәрін ескере келе мамандар қолды күнделікті кем дегенде 12 рет жуу керек деген шешімге келген.

Қолды қалай жуу керек?

Қол күтімі
©Medaboutme.ru

Қолды жылы сумен және сабынмен жуу керек. Бұл организмді түрлі вирустардан сақтайды. Егер қолыңызда сабын болмаса, ағынды сумен жууға тырысыңыз. Сабынды жиі пайдалану теріні құрғатып жіберуі мүмкін. Сондықтан, ылғалдандырғыш сабындар мен крем қолданған жөн. Тым салқын су қолдың терісін тітіркендіріп, қолдың жарылуына әкеп соғуы мүмкін.

1 пікір

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!