Баламасы жоқ қазақстандық мессенджер жасалып жатыр

Мессенджердің қызметі әзірге құпия ұсталуда. Оның ерекшелігі – қолданушылар серверден тыс, смартфондар арасындағы тікелей байланысы арқылы хат-хабар алмаса алады. Сондай-ақ жіберген хабарламаларын басқару функциясы да жұмыс істейді.

«Біз мессенджерді қалай атайтынымызды әлі шешкен жоқпыз. Мүмкін мұны қолданушыларымызға беріп, дауыс беру арқылы таңдаймыз», — дейді «RS Solutions» ЖШС Сергей Алабугин.

Мессенджер 2017 жылдың соңында іске қосылады. Мессенджер қазақ, орыс, ағылшын тілінде жұмыс істейді. Қосымшаны  iOS, Android және Windows Mobile тұтынушылары қолдана алады және кейінірек web-нұсқасы да іске қосылады.

Айта кетейік аталған компания электрондық сервис  ұсынатын  Mail.KZ ұлттық порталы қызметіне жауапты.

ДереккөзMail.kz