Инстаграмның жаңа функциясы: бірігіп тікелей эфир жүргізу

Бұл туралы Life.ru сайты хабарлады.

Тікелей эфирді бастау үшін телефондағы бағдарламаның оң жағында төменде орналасқан қажетті түймені басу керек. Әрі қарай тікелей трансляция авторы бір қонақты өшіріп, екіншісін қоса алады. Шақырылған қонақтың тікелей эфирден  өз еркімен шығып кетуіне де болады.

Тікелей трансляция кезінде эфир екіге бөлінеді. Демек, шақырылған қонақ пен автор эфирді қатар жүргізе алады. Процесс кезінде бұрынғы тікелей эфир кезіндегідей оқырмандар мен көрермендер лүпіл басып, пікір қалдыра алады.

Тікелей эфир аяқталған соң, видеожазба қолжетімді болады. Оны өзіне сақтап алуға да, инстаграмға сақтап қоюға да болады. Жаңа функция әзірге тестілеу кезеңінен өтіп жатыр. Бірнеше айдан кейін аталған функция толық іске қосылмақ.