2016 жылы Байқоңырдан 12 «Протон» ұшырылады

Марат Демеуовтың айтуына қарағанда Байқоңырдан ұшырылуы тиіс 18 зымыранның 12-сі «Протон» зымыраны екен. Бұл зымырандар отын ретінде гептилді пайдаланады. Сол себепті, сенаторлар зымыран апаттарына қатысты алаңдайтындықтарын білдірді. Дегенмен, депутаттар «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран ұшыру кезінде апат орын алған жағдайда бірлесе әрекет етудің тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей федерациясы үкіметі арасындағы 1999 жылдың18 қарашасындағы келісімшартқа өзгерістер енгізу жөніндегі Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қабылдады.

ДереккөзKaznews.kaztrk.kz