Қылыштар
©Baribar.kz
  1. Сармат семсерлері, біздің заманымызға дейінгі І ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасыры.
  2. Қимақ қылыштары, IX-XI ғасырлар
  3. Қимақ-қыпшақ қылыштары, IX-XI ғасырлар
  4. Басы ұзын келген, төлкелі әскери балта. Қола дәуірі.
  5. Әскери-кельт балтасы. Қола дәуірі.

Бұл экспозицияда суық қарудың түрлері ұсынылған. Бұлардың барлығы Қазақстан мен оған шекаралас жатқан аймақтардан кездейсоқ табылған түпнұсқалар. Бұл коллекцияға қарасаңыз семсерлер мен қылыштардың онға жуық түрін көресіздер. Бұлардың барлығы жүзі бар қарулардың даму эволюциясын көрсетеді. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мың жылдықтан бастап сақ, скиф, сарматтар дәуірінен, дамыған орта ғасыр өркениетіне дейін, яғни қимақ, қыпшақ дәуіріне дейінгі аралық.

Мыналардың ішінде ең ертесі — ежелгі заманда өмір сүрген Сарматтардың дәуіріне жататын түзу жүзді қылыш. Шамамен, біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың соңы мен біздің заманымызға дейінгі уақыт. Байқап қарасаңыз, қылыштардың ерте заманнан бері қарай ұзарып келе жатқандығын байқайсыз. Мысалы, бұрынғы қылыштар жалпақ болса, уақыт өте келе оның біртіндеп жіңішкеріп, ұзындығы ұзарып бара жатқандығын көре аламыз.

Бұл экспозицияда тұрғандар ең ұзын қылыштар емес, алайда қару-жарақтың эволюциясын жақсы көрсетіп тұр. Біртіндеп   эволюция біздің дәуірімізге дейінгі бірінші мыңжылдықтың ортасына таяу, яғни мықты Түрік қағанаттарының, еуразиялық көшпенділер империясы пайда бола бастаған кезеңінде ұзын, бас жағы үшкірлене түскен алдаспандар пайда болды. Олар уақыт өте келе майыса бастайды. Байқап қарасақ, кейінгі алдаспан-қылыштар нағыз қылышқа айналған. Мұндай қарулар VI-VII ғасырлардағы түрік қағанатына тән. Одан кейін VII-VIII ғасырдан бастап қылыштар пайда болады. Содан олар көптеген жүзжылдық бойы дамып келеді. Тіпті бір мың жылдық бойы. Қылыштар жиырмасыншы ғасырға дейін жетеді.

Қолдан жасалған қылыштың жүзі
Қолдан жасалған қылыштың жүзі ©Baribar.kz

Уақыт өте келе қылыштардың жүзі бір жаққа иіліп, одан сайын ұзара түседі. Мәселен, Алтын орда дәуірінде қылыштар бір метрден де асып кеткен. Сөйтіп, классикалық қылыштар пайда болады. Ал осы кезеңде алдаспандар сәйкесінше екінші орынға ығыса бастайды. Алдаспан, алдаспан-қылыш немесе кәдімгі қылыш сынды тиімді қарулардың пайда болуы біздің заманымыздың бірінші мыңжылдығының ортасында, Алып еуразиялық көшпенділер империясының пайда болуы кезеңімен тұспа-тұс келеді. Яғни, жаппай атты әскер пайда бола бастағанда, соғыс барысында әртүрлі тактиканы қолданатын, негізінен жақыннан қылыштасу кезінде, дәл мына алдаспан немесе алдаспан-қылыш жақыннан соғысудың ең тиімді қаруы   саналған. Жақыннан соғысуда семсерлесу арқылы қарсыласыңды дәл осы қарумен жеңу ыңғайлы болған. Сондықтан осындай қылыштар пайда болып, айтып өткенімдей көптеген жүзжылдықтар бойы түрлене түскен. Мына жиырмасыншы ғасырға дейін қылыш әскери қару ретінде пайдаланылған. Айта кетерлігі, мұнда қылыштардың барлық түрі көрсетілмеген. Олардың бірі өзге музейлерде тұрса, әлі қазылмай жерде жатқаны қаншама. Дегенімен, бұл да жалпы қанжардан бастап қылышқа дейін эвалюциясын көрсете алған.

Бұл қарулардан сол заманның ұшқынын көре аламыз. Себебі, олардың құйылған металдарының сапасы ең жоғарғы деңгейде. Олар жердің астында жатып тат басып кетсе де, өзінің негізін сақтап қала алған. Яғни, оларды тазалап, әрі қаратай қолдануға болады. Бір қызығы бұл қылыштардың өткірлігі әлі күнге дейін байқалып тұр.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

1-2. Жыда жебелері. Қола дәуірі.

1-10. Жебелер. Орта ғасырлар.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Бұл жерде Орталық Азия, негізінен Қазақстан аумағында өмір сүрген көшпенділерге тән   жебелердің ұштары жинақталған коллекция.

Олардың әдеттегідей әрқайсысы — әр дәуірдің, түрлі кезеңдердің дүниелері. Ең көнесі қола дәуірінен бастап XIII-XIV ғасырларға дейін. Экспозициядағы жалпақ жебелер Mонғол немесе Алтын орда дәуіріне тән. Яғни, Шыңғысхан мен оның ұрпақтары билеген заманға тиесілі. Осы қаруларды зерттейтін археологтар бұларды пішініне қарай бөледі.

Мысалы, жеңіл қаруланған қарсыласқа арналғандары мыналардың ішіндегі төртінші,   алтыншы және сегізінші нөмірлілері.

Жебе
©Baribar.kz

Ал сауытпен қорғанған болса мына өткір ұшты тоғызыншы нөмірліні қолданған.

Бұл жерде құрыш бұзатын жебенің ұштары аз. Яғни мына жебелердің жалпақ ұштары монғолдардың дәуірінде шарықтау шегіне жеткен. Себебі, ол кезеңде қарулар қарсыласты жақыннан жарақаттауға арналған болатын.

Жалпақ жебелер жауды жақыннан зақымдап, ауыр жарақаттаған. Негізі жебе ұштарының мыңға жуық түрі бар. Олар әлі күнге дейін топтастырылып болмаған. Өйткені, жыл сайын, әр маусымда археологтар осындай қару жарақтардың жаңа түрлерін тауып жатыр. Ішінде әрине осы жебе ұштары ең көп табылады. Себебі, жебенің ағаштан жасалған бөлігі сақталмайды, ал мына темірден жасалған бөлігі еш бүлінбестен жер астында тауып алғанша жата береді.

Найза ұштары
©Baribar.kz

1-10. Найза жебелері. Орта ғасырлар.

Археологиялық жұмыстар барысында ең көп табылатын тағы бір қару — ол найзаның ұштары. Мына тоғыз бен оныншы нөмірлі найзаның ұшы ең көнелеріне   жатса, ал қалған көпшілігі орта ғасырға жатады. Олардың барлығы орта ғасырда Орталық Азияда өмір сүрген тайпаларға тән. Найзалардың да ұштары жебенің ұштары сияқты жақсы сақталады. Бұлардың барлығын найза жасауға бейімделген орта ғасырлық шеберлердің құйғаны бірден білінеді. Найзалардың ұзындығы екі-екі жарым метрден төрт метрге дейін жеткен. Олардың ұзын болуы оны қолданған атты жауынгер соғыста қарсыласына найзаны сұғып алуға тырысқандығымен түсіндіріледі. Яғни, жауынгер қарсыласын әдетте бір соққымен жығып түсуге талпынған.

Найза ұштары
©Baribar.kz

Бұл қарудың тиімділігі қарсыласын тек жаралап қана қоймай, әсіресе аттан жығып түсіру кезінде артқан. Себебі, найза тек жауынгердің барлық күшімен ғана емес, астындағы тұлпарының да күшімен арта түскен. Сөйтіп, бір тарап жеңіске жеткен. Найза — алты-жеті-сегізінші ғасырдағы Еуразия даласының көшпенділерінің ең тиімді қаруы. Сонымен қатар, көне түріктер және аварлар да өздерінің қарулы күштерінің құрамында міндетті түрде арнайы найзалы жауынгерлері болған. Олар бұл қаруларымен Византия, Қытай империяларына қарсы шыққан. Сондай ұрыстардың нәтижесінде, осы көшпенділердің арқасында қару-жарақ түрлерімен алмасу жүрген. Әскери техника мен тактиканы шығыстан батысқа, батыстан шығысқа таратқан дәл осы көшпенділер десек артық айтқанымыз емес. Сәйкесінше, көшпенділер заманауи әскери техникамен танысушылар еді. Кейінен үлкен территорияға таратушылар, яғни әлем мәдениетін байланыстырушылар болған. Монғолдар ең үлкен көшпелі империя және әлемдегі ең үлкен мемлекетті құрған. Оларға дейін де, олардан кейін де аумағы бойынша сондай үлкен мемлекет Еуразияда болмаған. Ол Қиыр Шығыс, Орта Азия, Шығыс Еуропа, Кавказ және жақын маңдағы өзге аймақтардың арасында мәдениет алмастырды. Дәл осы Шыңғысхан мен оның ұрпақтары кезінде әскери дәстүр алмасуы болған.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Жауынгердің қару-жарақ жиынтығы.

Дулыға
©Baribar.kz
  1. Дулыға
Жеңсе
©Baribar.kz

2. Жеңсе

Қалқан
©Baribar.kz

3. Қалқан

Семсер
©Baribar.kz

4. Семсер

5. Қылыш

Қанжар
©Baribar.kz

6. Қанжар

Үзеңгі
©Baribar.kz
  1. Үзеңгі

Мұнда он сегізінші ғасырдың соңы мен он тоғызыншы ғасырдың басындағы жауынгердің салтанатты қару-жарақтары ұсынылған.

Мұндай салтанатты кул-ахуд дулығасының формасы он алтыншы ғасырдың екінші жарты жылдығында Иранның аумағында пайда   болып, орта ғасырлық шығыс, яғни Үндістан, Ауғанстан, Орта Азия, оның ішінде Қазақстаннның аумағына тараған. Яғни, қазақ батырлары үшін де осындай кул-ахудтар тән.

Салтанатты қару жарақтар өсімдік тектес өрнектермен өрнектелетін болған.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz
  1. Өмілдірік. ХІХ ғасыр
  2. Ағаш шоқпар. ХІХ ғасыр
  3. Ат жабуы. ХІХ ғасыр
  4. Ер тоқым.
  5. Үзеңгілер
  6. Құйысқан. ХІХ ғасыр.
Садақ жебелерімен
©Baribar.kz

Мына ер тоқым он тоғызыншы ғасырдың соңы мен жиырмасыншы ғасырдың басына тән. Бұдан ерте нұсқалары жоқ десе де болады. Себебі, ағаштан жасалатын болғандықтан. Байқап қарасаңыз ат әбзелдері өте әдемі безендірілген. Бұл ер тоқымға қарап отырып біз оның сол заманның байларының бірінің заты болғандығын біле аламыз.

Қорамса
©Baribar.kz
Жебелер
©Baribar.kz
  1. Атақты батырдың қорамсағы атарман белбеуімен. Алтын Орда, XII-XV ғассыр. (Цаан Хаад қазбасы. Моңғолия). (Реконструкция).

Көне садағының кешені

    1. қорамсақ
    2. садаққап
    3. атарман   белбеуі
    4. жебе
    5. Садақ
Қорамсақ
©Baribar.kz
Қорамсақ жебелерімен
©Baribar.kz

Құндақ пішіндес қорамсақ жебелерімен. Түрік қағанаты. VII-IX ғасырлар. ( «Қарақаба» обасы, Шығыс Қазақстан облысы, З. Самашев археологиялық экспедициясы, 2014 жыл. Реконструкция)

Жүзік. Қимақ қағанаты. IX-XIII ғасырлар. (Реконструкция)

Жақ. Қимақ қағанаты. IX-XIII ғасырлар. (Реконструкция)

Ал мына экспозицияда қару жарақтын реставрацияланған түрлері қойылған. Далалық ату жиынтығы қорамсақ, жебелер. Шығыс Қазақстан облысынан негізінен осындай жақсы сақталған жиынтықтар табылады. Түпнұсқаны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейі шеберлері қайта жаңғыртқан.

Cадақ ататын жауынгердің сақинасын негізінен металдан немесе сүйектен жасаған. Сүйек қолжетімді болғандықтан көбіне мұндай сақинаға сүйек қолданылатын.

Мұнда ерте орта ғасырға тән орта ғасырлық қорғаныс кешенінің үлкен жиынтығы көрсетілген.

Күрделі құрамдас көне түрк садағының өңделмеген бөлшектері:

  • Ағаш
  • Таутеке мүйізі
  • Тарамыс
  • Қайыңтоз
  • Тері
  • Жебе
  • Қауырсындар
ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

«Кула-худ» дулығасы. XVIII-XIX ғасырлар

"Кула-худ" дулығасы
«Кула-худ» дулығасы ©Baribar.kz

Қазақ батырларына төбесінде қылы бар кула-худтар тән.

Кіреуке
©Baribar.kz
  1. Кіреуке
  2. «Кула-худ дулығасы. XVIII-XIX ғасырлар
Кіреуке
©Baribar.kz

Бұл кіреуке. Түпнұсқа. Бұны ортағасырлық шеберлер арнайы сақиналардың біріктірілуі арқылы тоқитын болған. Ерте кездегі кіреукелер тізеге дейін ұзын, әрі алдынан және артынан атқа отыруға ыңғайлы болуы үшін кесіліп жасалатын. Мұндай сауыттар батырлар мен ханның әскеріне тән болған.

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейі
©Baribar.kz

Мұндай   сауыттар   көлеміне   қарай   жиырма   келіден   отыз   келіге   дейін   тартады.   Өте   ауыр,   бірақ   оған   уақыт   өте   келе   үйреніп   кетесің.   Бұл   —   алып   тұлғалы   қазақ   батырларына   тән   кешен.   Олар   үшін   бұндай   ауыр   кешендер   қалыпты   жағдай   болатын.

Кісе белдік
©Baribar.kz
  1. Кісе белдік. Жетісу. ХІХ ғасыр.

2. Кісе белдік. Орталық Қазақстан. ХІХ ғасыр.

Кісе белдіктер
©Baribar.kz

3.Кісе белдік. Батыс Қазақстан. ХІХ ғасыр.

Аяқ киім
©Baribar.kz

4. Аяқ киім (Жапония)

Ал   бұл   қазақтың   дәстүрлі   «Кісе»   деп   аталатын   белдігі.   Бұрын   белдік   адамның   дәрежесінің   көрсеткіші   болатын.   Мәселен,   ертеректе   көшпенділер   империялары   әлі   бар      кезде   мына   белдіктер   адамдарға   шен   ретінде   берілетін.   Сондықтан   адамның   белдігіне   қарап   оның   мәртебесін   білуге   болатын.

Бұнымен қатар, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған өзге де материалдарымызды оқи отырыңыздар:

  1. ҚР Әскери-тарихи музейінің «Көне заман – XIX ғасыр» залын таныстыру
  2. Қазақтардың соғыс кезінде қолданған қару-жарақтарына шолу
  3. ХХ ғасырдың әскери тарихы туралы не білеміз?
  4. ҚР Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи музейіне саяхат

Сұқбаттасқан   және   фото   авторы:   А.МАРАТ