ҚР Әскери-тарихи музейі: «Көне заман – XIX ғасыр» залы

«Көне заман – XIX ғасыр» залында орналасқан экспозициялар қазақ халқының қару жасау шеберлігінің даму тарихын көрсетеді. Мұнда Қазақстан аумағынан табылған тас дәуірінен бергі жәдігерлер орналасқан.

Залға кірер жерге балбал тастар қойылған. Монғолиядан Каспийдің жағалауына дейінгі ұланғайыр атыраптың барлығында кездесетін бұл тастар Маңғыстаудан табылған түпнұсқалар.

Балбал тастар
©Baribar.kz

Көне заманнан XIX ғасырға дейін қазақ жерін мекен еткен тайпалар мен мемлекеттер жайлы мағұлымат беретін бұл зал негізінен үш уақыт кеңістігіне бөлінген. Олара: көне заман, орта ғасыр және де қазақ хандығы.

Көне заман залы
©Baribar.kz

Қазақтар Ұлы даланың (ежелгі Ғұн, Түркі қағанаты, Дешті Қыпшақ, Алтын орда) халықтары мен мемлекеттерінің әскери өнерінің тура тікелей мұрагерлері.

Музей. Жауынгерлер
©Baribar.kz

Қазақ жауынгерлергі дамыған орта ғасырлар дәуіріндегі өз ізашарларының әскери амалдарын дамытуды және жетілдіруді жалғастыра отырып, басқа халықтардың әскери ісінің инновациялық элементтерін белсенді меңгерген.

©Baribar.kz

Ерте кезеңдегі қазақтардың әскери ұйымында әскерді бөлудің дәстүрлі ондық жүйесі сақталады. Қазақ әскері авангард, орта, оң және сол қанаттар, торуыл деген ірі әскери бірліктерден тұрған. Сондай-ақ, әскери -ұйымдық құрылым номадтардың әскери жүйесінің әмбебап принципі болды.

Музей
©Baribar.kz

Алайда, тарихи даму барысында қазақтардың әскери ұйымы өзгере бастады. XVII-XVIII ғасырларда ондық жүйе жарым -жартылай сақталды. Қазақ армиясының негізгі бөлімшелері ондық принцип бойынша жиналған жасақтар емес, өз билері мен батырлары басшылық еткен рулық жасақтар болды.

Жауынгерлер принципі
©Baribar.kz

Кейінгі орта ғасырлар және жаңа заманда қазақ армиясы екі компоненттен құрыла бастайды. Оның бірі, хандардың, сұлтандардың, тархандардың, батырлардың, билердің жеке жасақтары болса, екіншісі, тайпалық жасақтар болды. Шабуыл алдында қазақ әскерлері рулық белгі бойынша жасақтар құрған, оларды рудың басшылары немесе батырлар басқарған. Әрбір жасақ рулық «ұранды» шақырып, қарсыласқа шапқан.

Батыр
©Baribar.kz

Жауынгерлер бастарын темір торы бар темір дулығалармен қорғаған. Ауқатты сарбаздар шығыршықты сауытпен өз тұлпарларын да жапқан. Батырлар қарудың бес дәстүрлі түрі садақ, найза, айбалта, шоқпар және қылышпен қаруланған. Аталған қарулардан басқа қазақ жауынгерлері қол шоқпарлар, семсер, балта, сүңгі мен  күрзілерді пайдаланған.

Қару-жарақ
©Baribar.kz

Отты қарудан білтелі мылтық, қолданған. Батырлар мен құрылым басшыларының дулығасы мен сүңгілері шайқас кезінде жауынгерлер назар аударып бағыт ұстаулары үшін, арнайы матадан жасалған белгілермен, жібек немесе қылдан жасалған шашақтармен жабдықталған.

©Baribar.kz

Қазақ қолбасшылары шайқас барысындағы негізгі шабуылдаушы рөлді садақпен, ұзын сапты найзамен, қылыштармен қаруланған атты әскерлерге берген. Садақтар мен атты әскердің ұзын найзалары қатардағы жауынгерлдің ең қажетті қарулары болды.

©Baribar.kz

Қоян-қолтық ұрыста қазақтар шоқпарлар мен күрзілерді белсенді пайдаланған. Бірақ қазақ-жоңғар соғысы кезінде айбалта ең тиімді қару болды.

©Baribar.kz

Қоян-қолтық шайқасқа дейін қарсыласқа жебелер жауыны төгілген. Одан кейін қазақ жауынгерлері қатарға шауып енген. Жауды ерден ұшырып түсіру үшін алғашқы соққыға ұзын найзалар мен сүңгілер қолданған. Кейін қазақ жауынгерлері жауды ауыр күрзі, шоқпар және айбалталармен соққылаған.

©Baribar.kz

Айбалта ұстаған және соққы беретін қарумен қаруларған қазақ жауынгерлері қауіпті қарсылас болған. Отты қарудың дамуы жаяу атқыштардың тактикалық әдістеріне деген қызығушылықтарын тудырды. Жаңартылған тактиканың мәнісі атыс қаруымен қаруланған жаяу атқыштардың сауытты және жеңіл қаруланған атты әскердің өзара белсенді іс-қимылында болды. Жаяу атқыштар әдетте саптың орталығын құрған. Олар бекіністерді қалқандармен, вагенбургтармен қосымша қүшейтіп отырған.

©Baribar.kz

Жаяу әскердің отты қаруының дүркіні қарсыластың шебін бұзып, одан кейін оларға атты әскер шабуыл жасаған. Ұрыс барысында атты әскер далалық бекіністер артында жасырынған жаяу әскер бөлімшелеріне сүйенген. XVII-XVIII ғасырларда үлкен далалық шайқастарда қазақтар жиі аттан түскен. Қазақ жаяу жауынгерлері жаудың шабуылына мылтық және садақпен оқ атумен тойтарыс беріп, өзінің атты әскердің шабуылына жағдай жасауға тиіс болды.

©Baribar.kz

Жаяу атқыштардың бекіністерін күшейту үшін қазақ қолбасшылары оларды жертасаларда жасыруға немесе жерден, тастардан және ағаштардан жасалған «дуалдармен» қорғауға тырысқан. Кенеттен болған жау шабуылы жағдайында көшпенділерге тән «далалық бекіністерінің» бір түрі түйе мен жылқы сынды шідерленген жануарлар болды. Олардан тірі қалқан жасаған және олардың артына садақ пен мылтықтан ататын атқыштар жасырынған.

©Baribar.kz

XVII ғасырда бұл тактика қазақтарға жиі жеңіске жетуге мүмкіндік берген. Мысалы, 1643 жылы жоңғар қонтайшысы Эрдени Батур үлкен әскерімен қазақ жерлеріне жорыққа шыққан. Сол кезде қазақ сұлтаны Жәңгір алғашқы рет көшпенділер үшін ерекше тактиканы қолданды. Оның 600 жауынгері жертасаларды пайдаланған және 50 мың жоңғар әскеріне қарсы «отты ұрысты» пайдаланған. Нәтижесінде қазақтар жеңіске қол жеткізді. Қазақ жауынгерлері торуылдарды, кенеттен шабуылдарды және ерекше «әскери абаларды» кеңінен қолданған. 1735-1737  жылдары Кіші жүздің ханы Әбілқайырға барған ағылшын Джон Кэстль былай деп жазған: «Соғыста қазақтар жауды қоршауға алуға тырысады. Керек кезінде жаяуланып, жануарларды «жер бауырлап» барып ұстаған сияқты оған жылжиды және сол кезде тұрып атады».

©Baribar.kz

Жорықта қазақ қолбасшылары армияны жеке колоннамен жүргізген. Бір жағынан, бұл соғыс іс-қимылдары театрында икемді тактикалық маневр  жасауға мүмкіндік жасаса, басқа жағынан жайылымдағы шөпті өте тиімді пайдалануға, аттардың жаппай қырылуына жол бермеуге мүмкіндік жасады. Қазақтардың әскери өнерінің мықты жақтарының санына жаппай халық жасақтарын жинау дәстүрін жатқызған жөн. Себебі, олар қазақ тарихының сын сағатында Ұлы даланың көшпенділеріне өз тәуеліздігін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Дәстүрлі әскери құрылым хан мен сұлтан жасақтарын толықтырған және күшейткен басқа маңызды ұйымдық элемент — халық жасақтарының батырлық институты болды.

©Baribar.kz

Бұл зал негізгі үш диорамадан тұрады.

Бұл парсы патшасы «Патшалардың патшасы» атанған Кир мен сақ патшайымы Томиристің арасында болған шайқастың диорамасы. Шайқас біздің заманымызға дейінгі 530  жылы болған. Парсылар сақтардың жеріне, қазіргі Қазақстанның территориясына басакөктеп кірген. Кир әскерлерімен Сырдарияға дейін жеткен кезде, Томирис басын исін деген талаппен оған елшісін жібереді. Сол кезде Томиристің елшіге берген жауабын рим тарихшысы Помпитрок «Алайда Томирис әйелге тән емес батылдық көрсетіп, жау алдында қорықпады» деп айтып кеткен. Осылайша екі жақ әскер шайқас алаңында кездесті. Бұл шайқас жайында тарих атасы Геродоттың жазбасына білеміз. Сақтар жеңіске жетіп, Кир шайқас алаңында қаза болады. Бұл жерде шайқастың соңғы сәті көрсетілген. Жаудың туы жерге жығылып жатыр.

Жауынгерлер принципі
©Baribar.kz

Келесі диараммада батырлардың жекпе-жегі бейнеленген. Жалпы батыр деген соғыс пен жекпе-жекті өзінің кәсібіне айналдырған кәсіби жауынгер. Осындай жекпе-жек пен шайқас тіпті кейде соғыстың тағдырын шешіп отырды. Себебі бұрынырақта көп қан төгілмеу мақсатында тағдырды осылай шешкен. Алдыңызда он сегіз жасар қазақ батыры Әбілмансұрдың жоңғардың бірде-бір шайқаста жеңіліс таппаған Шарыш батырына қарсы жекпе-жегін көре аласыздар. Қарсыласына шығарда Әбілманұр өзінің атасының есімін «Абылай» деп ұрандатқан болатын.

Кейін бұл ұранды бүкіл қазақ әскері іліп алып «Абылай» деп ұран тастайтын болды. Жекпе- жекте жеңіске жеткеннен кейін Әбілмансұр Абылай атанды. Келешекте қазақтың үш жүзінің басын қосқан Ұлы хан Абылай осы.

Хан
©Baribar.kz

Аңырақай шайқасына арналған диарамма.

Аңырақай шайқасы 1729 жылы, кейбір деректерде 1930 жылы болған деп көрсетіледі. Және де 130 жылға созылған қазақ-жоңғар соғысының шешуші кезеңі болып табылады. Құрылтайда қазақтың қалың қолын кіші жүз ханы Әбілқайыр бастайды деп шешім қабылданды. Әбілқайыр өзіне қолбасшы ретінде Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырларды алған болатын. Бұл жерде де шайқастың соңғы сәті бейнеленген. Жаудың артқа қарай шегініп қашып бара жатқаны, айналаны қоршаған ақ түтін байқалады. Сол заманда жеңістің белгісі дәл осы ақ түтін болған.

Ұлы дала жауынгерлері
©Baribar.kz

Қазақстан қарулы күштерінің 25 жылдығына арналған материалдар топтамасының келесі фотобаяндамасы — ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи музейінің «Қазақстан Қарулы Күштері» залына арналады.

Материалдың авторы: Айнұр МАРАТ

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар BARIBAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакцияның жазбаша рұқсатын алу қажет.