Басты бетБатыс Қазақстанда...

Батыс Қазақстанда жастар күні аясында шара өтті

2009 жылдан бері Ақжайыққа «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында келген 456 жас маман көтермеақыларын алып, 229 жас тұрғын үй несиесіне қол жеткізген. Тек биылдың өзінде Жастар практикасы арқылы 90 жас еңбек ұжымдарында алты айлық практикадан өтуде, соның ішінде он бір адам тұрақты жұмыс тапқан.

Салтанатты шарада әкім белсенді бір топ жасқа Алғыс хаттар тапсырды. Олардың ішінде бапкер Аслан Нұрымов, Жастар практикасына қатысушы Данил Досқалиев, аудандық кітапхана әдіскері Әнуар Қайыржанов, жас әншілер Мәдина Нұрсейілова, Зергүл Зинуллина, Мәдина Мұханбетқалиева, ұстаз Сәтжан Сүйеуғалиева, жас өрт сөндіруші Сағын Сатыбалды және тағы басқалар бар.

Еске сала кетейік, «Дипломмен ауылға!» жобасы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің бастамасымен құрылған. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендердің әлеуметтік салақызметкерлерін әлеуметтік қолдау және ынталандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы (бұдан әрі — Заң) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Аталған Заңда ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін және тұруға келген әлеуметтік сала қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету көзделген.

Заңда қаладан және өзге елді мекендерден (оның ішінде ауылдан) ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу үшін және тұруға келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және спорт, ветеринария мамандары талап етілетін ауылдық жерлерге мынадай қолдау шараларын көрсету көзделген:

— 70 АЕК мөлшеріндегі біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу;

— 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы ставкасы бар тұрғын үйді сатып алу және құрылысы үшін 15 жылға арналған бюджеттік несие;

— ауылды елді мекендерде орналасқан әлеуметтік сала мекемелері мамандарының лауазымдық жалақыларын 25%-дан кем емеске арттыру.

«Дипломмен ауылға!» жобасына оқу орындарының диплом алған түлектері, ауылға жұмыс істеу үшін және тұруға 5 жылдан кем емеске келген мамандар қатыса алады. Ол үшін: жұмысқа тұруға өңірді таңдай (облыс, аудан, ауыл); өзіңіз таңдаған елді мекенде өз еркіңмен жұмыс табу (ауыл мектебі, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешендері және т.б); өз еркіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Сіз Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің жауапты тұлғаларына немесе өңірлердегі жауапты мамандарға жүгіне аласыз; өңірлердегі кадрларға деген тұтынушылық туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.

Тоқтар Ғабдірешұлы