Демалыс оқушылар
©Tengrinews.kz

Демалысқа қалалық әкімдік, Білім бөлімі және жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен.

Оқушылардың қауіпсіздігі үшін арнайы жедел жәрдем бригадасы мен жол-патрульдік полициясы экипажы жұмылдырылған. Мұнда балалар әртүрлі қызықты шараларға қатысып, ой-өрістерін дамытып, танымдық дүниелермен танысады.

Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Жандос Жолдыханов балалардың демалыс уақытын тиімді өткізу үшін көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын айтты.

“Жалпы, жазғы демалыс басталғалы бері балалардың уақытын тиімді өткізу үшін игі жұмыстар атқарылуда. Қала әкімдігінің, демеушілік көрсететін жеке кәсіпкерлердің қолдауымен оқушыларымыз жақсы демалыс аймақтарына баруда. Олардың балдай тәтті балалық шақтары тек қызыққа толы болуы керек. Бүгінгі жас ұрпақ ертеңгі біздің болашағымыз. Сондықтан да, бала өміріне тек ата-ана, мектептегі ұстаздар ғана емес бүкіл қоғам болып алаңдауымыз керек. Оқушыларымыздың жыл сайынғы жазғы демалыстарын қызықты өткізуді дәстүрге айналдыруға тырысамыз. Ол  – біздің негізгі міндетіміз”, – дейді ол.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін талдықорғандық оқушылардың 90%-ы жазғы демалыспен толықтай қамтылған.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!