«Шала қазақ» фильмінің түсірілімі басталды

Кинокартинаның өндірісімен Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен айналысады.

«Шала қазақ» фильмі режиссер Төлеген Байтөкеновтің жеке өзі түсіргелі жатқан алғашқы жұмысы. 2011 жылы ол «Қазақфильм» киностудиясында жарыққа шыққан «Супер Баха» атты комедияның сценарийін жазған. Кейін киностудияның «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігінде «Тұшпара және Рахманинов» атты қысқаметражды фильм түсірген. Оның да сценарий авторы — өзі.

Вестерн-драма деп жарияланған киножобаның актерлер құрамында Ақылхан Асылов, Дина Тасболатова, Шыңғыс Капин бар. Түсіру жұмыстары кеше Алматы облысында басталды.

ДереккөзBaistars.kz