Астана көшелерінде қайырымдылық жәшіктері пайда болады

Аталмыш акцияны Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламысын, «Атамекен» бағдарламасы жанындағы «Жомарт жүрек» бағдарламасын іске асыру аясында елордалық әкімдік ұйымдастырып отыр.

Акцияның басты мақсаты тұрғындардың көмегімен зәру адамдарға киім-кешек, қажетті заттар үлестіру.

Енді елорда тұрғындары керек емес аяқ киім, киім-кешектер мен кітаптарды кез-келген уақытта арнайы орнатылған жәшіктерге сала алады.

«Қиын жағдайға тап болған не болмаса көмекке зәру адамдарға жәрдемдесу үшін ендігіде өзіне қажет емес заттарды қоқысқа емес, арнайы орнатылған жәшіктерге салып, тапсыруға болады. Ол киім-кешек, аяқ киім, спорттық құрылғылар, кітаптар, ойыншықтар мен тұрмыстық теxникалар, сөмке және басқа да аксессуарлар болуы мүмкін», — дейді ұйымдастырушылар.

ДереккөзBaq.kz