Қостанай, Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ жауады, дауыл тұруы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі.
Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақтөбеде жел 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Павлодар облыстарында, күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с болып, дауыл тұрады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысында бұршақ жауып, дауыл тұрады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрады деп болжануда.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман түсіп, бұршақ жауады.
Қарағанды облысында бұршақ болып, дауыл тұрады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.
Алматы, Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.