Ресей — Қытай шекарасы неге жабылды?

Приморьеде Краскин өткізу пункті арқылы ресей-қытайлық шекара жағына шығаберісті су шайып кеткеннен кейін жол жабылып қалды.

Фото: GoGetNews.info

 «Хасанск ауданында жолды су шайып кетті. Краскино өткізу пункті арқылы ресейлік-қытайлық шекара жағына жол жабық. Қазіргі уақытта өлкенің туроператорлары мен туркомпаниялары өкілдерімен шұғыл мәжіліс өтті. Кездесуге қатысушылар Хасанск ауданында «Краскино» өткізу пункті арқылы ҚХР-мен шекара жағына жолға шықпауды ұсынды», — делінген хабарламада.

Приморьенің үш ауданында жеті елді мекенді су басты. Уссурийскіде жолдарды су шайып кеткен,  мұнда төтенше жағдай режімі енгізілді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version