Басты бет Қоғам Мектеп оқушысы төтенше жағдайларға арналған Fast Helper мобильдік қосымшасын жасады

Мектеп оқушысы төтенше жағдайларға арналған Fast Helper мобильдік қосымшасын жасады

«Fast Helper» атты қосымшаның көмегімен өрт сөндіру қызметін, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ пен «Шаг» компьютерлік академиясы «Ашық үкімет» порталының ашық деректері негізінде мобильдік қосымшаларды өңдеу байқауын өткізді.

Онда 16 жастағы Давид Кнышенко өзінің «Fast Helper» атты жұмысын ұсынып, байқау жеңімпазы атанды. Бұл мобильдік қосымшаның көмегімен өрт сөндіру қызметін, жедел жәрдем немесе құтқару қызметін шақыруға болады. Сонымен қатар, онда қандай жағдайда не істеу керек екенін түсіндіретін ақпараттық анықтама бөлімі бар.

Қазылар алқасы бұл қосымшаны ең өзекті деп бағалады. Себебі, оның көмегімен біреудің өмірін сақтап қалуға болады.

Айта кетейік, Давид Кнышенко — «Шаг» компьютерлік академиясының шәкірті.

 

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version