Басты бет Жаңалықтар Түркіменстанмен шекара туралы мәселе толығымен шешілді — Елбасы

Түркіменстанмен шекара туралы мәселе толығымен шешілді — Елбасы

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімнің рәсімделетінін мәлімдеді.

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Akorda.kz

Ресми құжатқа Түркіменстан президенті Гүрбангулы Бердімұxамедовтің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол қойылмақ.

«Бүгін біз екі мемлекет арасындағы стратегиялық әріптестік туралы аса маңызды келісімді рәсімдейміз. Осы құжаттың аясында Қазақстан мен Түркіменстанның байланыстары жаңа деңгейге көтеріледі. Біз екі арадағы шекараға қатысты барлық мәселелерді шешіп отырмыз. Сөйтіп, шекара маңындағы ешбір проблемасы жоқ екі мемлекет ретінде таныламыз», — деп атап көрсетті Мемлекет басшысы кеңейтілген құрамда өткен кездесу кезінде.

Президент Гүрбангулы Бердімұxамедов қонақжай қазақ xалқына алғыс білдіріп, екіжақты ынтымақтастық дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Айта кетейік, шағын құрамда болған кездесу кезінде Президент «Қазақстан — Түркіменстан — Иран» теміржолын барынша пайдалану қажеттігін жеткізді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Арал мәселесі бойынша үлкен бас қосу өткізу туралы да сөз қозғады.

6 пікір

  1. өте жақсы бастама, теміржол құрылысын ойдағыдай аяқтасақ, келу-кету саны жанданып, қатынасымыз нығаяды.

    • Дұрыс айтасыз Жазира. Бұл да екі ел үшін үлке жоба. Тездетіп толықтай жүзеге асырылғанын қолдаймыз.

  2. Теміржол құрылысын қолға алғандары жақсы болды. Ағайындармен қарым-қатынасымыз жиеленбек.

    • Теміржол саласының қолға алынғаны екі елдің де экономикасын жақсартуға үлес қосады

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version