7 тамыз: Күн ыстық болады

Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, найзағай түсіп, дауыл соғуы мүмкін.

Қостанай облысында жел 30 м/с дейін күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 17-22 м\с, екпіні 30 м/с, күндіз кей жерлерде найзағай соғады, бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін.

Қарағанды облысында да найзағай жарқылдайды, бұршақ ұрып, дауыл болуы мүмкін, жел 15-20, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Күндіз Кызылорда облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Күн ыстық болады.

Атырау облысында күн өте қатты ыстық болады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында да күн ысиды.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.