Бүгін тек батыс, оңтүстік-батыс пен солтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз .
Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м\с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ, дауыл болады.
Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Жамбыл облысында да жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.
Алматы облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жауып, дауыл болуы ықтимал.
Қызылорда облысында желдің күші 15-20 м/с болады, түнде және таңертең дауыл соғады.
Шығыс Қазақстан облысында желдің күші 15-20 м/с болады, дауыл болуы мүмкін.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Алматы облыстарырының кей жерлерінде қатты ыстық болады.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.