Анталияда бір айда 70 мыңға жуық қазақстандық демалған

Анталия әуежайына тек шілде айының өзінде 1,8 миллион жолаушы келген.

Олардың 684 415-і ресейлік туристер. Анталия әуежайы әкімшілігінің мәліметтері бойынша, шілде айында Германиядан 245 585, Украинадан 139 151, Қазақстаннан 67 706, Ұлыбританиядан 57 758, Нидерландыдан 49 859, Беларусьтан 37 417, Бельгиядан 34 066, Польшадан 32 257 және Даниядан 31 372 адам келген.

ДереккөзAa.com.tr