Кеше Қазақстан Мысырға наразылық нотасын жолдаған соң, кешке Мысырдың Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Қазақстанның елшілігімен хабарласты. Олар осыған дейін ұсталған қазақстандық азаматтарды елге депортациялайтындарын айтқан. Еліміздің Мысырдағы дипломаттары оларды елге қайтару үшін Каир әуежайына жеткізген.
Әнуар Жайнақовтың айтуынша, алты студенттің де жағдайы жақсы, жақын арада елге оралатын көрінеді.
Бірақ олардың ұсталу себебі әлі анықталмады. Мысыр билігі азаматтардың не үшін қамалғаны жайлы себеп-салдарды еліміздің құқық қорғау органдарына хабарлайтын болады.