Қазақстан Мысыр министрлігіне нарызылық нотасын жолдады

«Каир қаласында еліміздің 6 азаматының жоғалып кетті. Одан бері 12  күн өтті. 19 шілде күні түнде оларды Мысырдың  арнайы қызмет сақшылары ұстап алып кеткен. Қанша уақыт өтсе де, Мысыр елінен Қазақстан азаматтарының ұсталу себептері, олардың қазір қайда екендігі туралы ресми  ақпарат келмеді. Сыртқы істер министрлігімен, құқық қорғау органдарының өкілдерімен күнделікті келіссөздер жүргізсек те, нәтиже жоқ», — деді ол.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі өкілінің айтуынша, таяуда Каирдағы Елшіміз Мысырдың Жоғары конституциялық сотының төрағасымен және Президенттің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісімен Қазақстан азаматтарына қатысты ахуалды  талқылаған.

«Қазақстанның атынан Мысырдың Сыртқы істер министрлігіне ресми наразылық  нотасы жіберілді. Біз Мысыр билігінен Қазақстан азаматтарының ұсталу себебін түсіндіруін, Қазақстанның Мысырдағы Елшілігі дипломаттарының, консулының  олармен байланысуына мүмкіндік беруін батыл түрде талап етеміз»,- деді Жайнақов.

ДереккөзInform.kz