Әли Ахметов 19 тамызда WBC белбеуі үшін жұдырықтасады

Бұл туралы ол өзінің ВКонтекте парақшасында жариялады.

Әли Ахмедовтің қарсыласы америкалық боксшы кіші Кертис Хилл болмақ.

Қос боксшының кездесуі АҚШ-тың Техас штатындағы Остин қаласында өтеді.

Қазақстандық боксшы осыған дейін жеті кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Тамыздағы жекпе-жектен соң Әли Ахмедов Астана қаласында өтетін бокс кешінде де өнер көрсетеді. Ол 9 қыркүйек күні өтеді.

ДереккөзInform.kz