ҚР Альпинизм федерациясына жаңа басшы тағайындалды

Алматыда ҚР Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясының конференциясы өтті. Мұнда федерация басшысы ғана емес, президиумының жаңа құрамы да сайланды.

Федерация президиумының жаңа құрамы:

  • федерация қамқоршылық кеңесінің төрағасы Б. Имашев;
  •   вице-президент, бас хатшы    К. Валиев;
  • бірінші  вице-президент Б. Жүніс;
  • вице-президенттер С. Ысқақова, С. Беляков және В. Селиванов.

«Альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясы жылына 3-4 рет жаппай тау шыңына шығу шарасын өткізгеніне 5 жыл болды. Соның арқасында қазақстандықтарды альпинизмге тартуда өсімнің оң серпіні байқалады», — дейді вице-президент Артем Скопин.

ДереккөзInform.kz