Доллар бағамы 340 теңгеге дейін көтеріледі — Аманжан Жамалов

Соңғы уақытта Tele Trade Central Asia сарапшыларының «жыл соңына ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 420-450 теңге болады» деген болжамы жұртты дүрліктіріп жіберді.

Аталған компанияның сарапшылары «ЭКСПО аяқталады», «банктерге қаржылық шығындарды өтеу керек» cияқты негіздерге сүйеніп осындай мәлімдеме жасап отыр.

«Бүгінде теңге еркін айналымда. Оған мұнай бағасы мен рубльдің долларға қатысты бағамы әсер етіп отыр. АҚШ-тың 28 шілдеде Ресейге қатысты  енгізген санкциясынан кейін де (1 доллар 60 рубльге тең) ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 330 теңге болады. Санкция бойынша 1 доллар 60 рубльге тең. Алайда, теңгенің долларға қатысты бағамы жыл соңына дейін Tele Trade Central Asia сарапшылары айтқандай шарықтамайды. Шамамен 330-340 теңге болады,» — деді мәжілісмен Аманжан Жамалов.

ДереккөзTengrinews.kz