Триатлон жарысының жеңімпаздары анықталды

Аталған жарыста Иван Тутукин мәре сызығын бірінші болып кесті. Ол кәсіби санаттағы ресейлiк спортшы. Екінші болып қазақстандық триатлоншы Максим Крят мәреге келсе, украиналық Виктор Земцев үшінші орын алды.

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының Чемпионы Александр Винокуров та бұл жарыстан шет қалған жоқ. Олимпиада чемпионы веложарыстың 90 шақырымдық кезеңінде жеңімпаз атанды.

Қазақстан Триатлон федерациясының президенті Кәрім Мәсімов ұзақ қашықтыққа арналған триатлон әлемде және біздің елімізде күн өткен сайын танымал болып келе жатқанын айтады.

Қатысушылардың саны 155 адамға жетті. Олар 1,8 шақырымды жүзіп өтіп, 90 шақырымды велосипедпен бағындырып және 21,5 шақырымды жүгіріп өтуi тиiс. Триатлон жарысы командалық байқау болып саналады. Жарысқа 3 адамнан 19 топ қатысып отыр.

ДереккөзBaq.kz