«Астана басшылары, елордалық басшылықтың орынбасарлары, аудан әкімдері мен олардың орынбасарлары, аптасына бірнеше рет, ал басқарма басшылары, қала ведомстволары мен құрылымдық бөлімдердің басшылары күніне бір рет қоғамдық көлікке мінуі керек», — деп қадап айтты қала басшысы.
Әсет Исекешев отырыс соңында елордалық ІІД басшысына қала қауіпсіздігін бақылауды, қоғамдық тыныштық пен туристердің қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды.