Басты бетДональд Трамп...

Дональд Трамп Ресейге санкция салуды қолдайды

Дональд Трамп әкімшілік заң жобасын әзірлеуде Конгреспен бірге жұмыс істеуге дайын екендігін айтқан. АҚШ Президенті санкция құжаттарында кемшілік бар деп отыр. Трамп айтқан кемшілік Мәскеуге қарсы санкцияларға қатысты президенттің өкілеттігін шектеуге қатысты.

23 шілде күні Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі жаңа директоры Энтони Скарамуччи АҚШ Президенті Конгресте қабылданған заңға қол қою туралы шешім қабылдамағанын айтқан болатын.

Ресейге және Иранға қатысты қосымша санкциялар салу жөніндегі жаңа заң жобасын сенбі күні екі партияның өкілдері мақұлдаған еді. Солтүстік Кореяға қатысты өзгерістер республикашылдар тарапынан енгізілген.

Аталған құжат ертең Палата алдында дауысқа түседі.

ДереккөзCentralasian.org