Басты бет Экономика iPhone 7 Plus-тің арзандауына не себеп?

iPhone 7 Plus-тің арзандауына не себеп?

Ресейде iPhone 7 Plus бағасы рекордтық деңгейде арзандады. Бұл гаджеттi дүкеннен 294 мың теңгеге алуға болады.

iPhone 7 Plus смартфонының бағасы аз уақытта 30 пайызға төмендеген. 294 мың теңгеге смартфонның 256 гигабайт ішкі жады, 3 гигабайттық жедел жады бар, судан және шаңнан қорғалатын түрлері сатылуда.

Apple өнімінің арзандауына компанияның жаңа iPhone 8 шығаруға дайын отырғаны себеп.

Айфонның арзандауы бір ай бұрын басталған. Былтыр күзде смартфонның бағасы 67 990 рубль болса, биылғы жылдың маусымында 32ГБ өз жады бар телефон 44 889 рубльге сатыла бастаған.

Қазақстанда IPhone 7 Plus дүкендерде 334 900 теңгеден сатылып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version