Басты бет Қоғам Apple жүргізушілерді рөлде келе жатып СМС алмасудан тыятын функция шығарды

Apple жүргізушілерді рөлде келе жатып СМС алмасудан тыятын функция шығарды

Apple инженерлері жаңа iOS 11 жүйесіне көлік жүргізушілерін СМС-хабарлама алмасудан тыятын жаңа функция қосты.

©mobiledevice.ru

iPhone мен iPad-қа арналған iOS 11 жүйесінде «Көлік жүргізу кезінде мазаламау» (DNDWD) деген функция болады. Адам көлікке отырғанда функция автоматты түрде қосылып, телефонға келген хабарламаларды көрсетпейді. Бірақ хабарлама жіберген адамға телефон иесінің көлікте келе жатқанын айтып, жауап жібереді.

Смартфонның көлікте екені Bluetooth бен Wi-Fi қызметін пайдаланатын Доплер эффекті арқылы анықталады. Ал телефон Apple CarPlay арқылы мультимедиялық жинаққа қосылып тұрса, бұл функция автоматты түрде қосылмайды. Бұндай жағдайда оны қолмен қосу керек болады.

iPhone
©Koleso.kz

Жаңа функция iPhone 5s смартфондарынан бастап жұмыс істейді. Ол iOS 11-мен бірге 2017 жылдың күзінде таныстырылады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version