IPhone 7 Plus (256 GB) смартфонының бағасы — 484 900 теңге. Орнына:

3 жыл 4 айға жететін азық-түлік
Қазақстандықтар минималды түрде айына 12 мың теңгеге азық-түлік сатып алады деп есептесек, iPhone 7 Plus смартфонының 256 GB сыйымдылықты түрін сатып алғанша, отбасыңызға 3 жыл 4 айға жететін азық-түлік алуға болады.
Күнкөріс минимумымен 1 жыл 7 ай өмір сүру
Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың минималды нормаларына негізделіп есептелген күнкөрістің ең төменгі деңгейінің мөлшері жан басына шаққанда 24 мың 710 теңгені құрайды.
Қазақстандықтың 3 айлық жалақысы
2016 жылдың 2 тоқсанындағы нәтиже бойынша орташа айлық жалақы 144 мың 300 теңгені құрады. Демек, iPhone 7 Plus смарфтонын алу үшін 3 ай жұмыс істеу керек.
8 зейнеткердің айлық бюджеті
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің хабарлауынша, еліміздегі зейнетақының орта мөлшері базалық зейнетақыны қоса есептегенде 55 мың 49 теңгені құрайды.
Алматыда пәтерді 3 айға жалға алу
Алматыдағы орта деңгейлі пәтердің бір айлық жалдау құны — 150 мың теңге. Демек, үш айға пәтер жалдап, қалған 34 мың 900 теңгеге үш айға жететін азық-түлік алып қоюға болады.
Бір сыныпты микроскоппен жабдықтау
Орташа сапалы бір микроскоп 15 мың теңге тұрады деп есептесек, iPhone 7 Plus смартфонының орнына 32 оқушының микроскоппен тәжірибе жасауына мүмкіндік беруге болады.
24 қой сатып алу
Елімізде бір қойдың құны орта есеппен 20 мың теңге тұрады. 480 мың теңгеге 24 қой сатып алып, кішігірім шаруашылық ашуға болады.
Қазақтар 12 мың ға бір айлық азық түлік алады дер қоядығой айына 70-80 тенге жай кетіп тұрады тамаққа…
ия, 12 мын 1-2 кнудик тамактын акшасы
ондай ақша болса қазір үйге паравой жүргізіп алар ем
сол сотканың несіне қызығады,,
Акшасын кайда шашарын билмей журген жылы офистарда отырып алып саусагынын ушымен жумыс истейтин айына 500мындап жалакы алатын бастыксымактарга жаксы ермек. 1рет пара алса болды гой Айфон 7 сатып ала салады. Тук емес оларга.