Қазақстан көрші елдерге электр энергиясын экспорттайды

«Көрші Қытай елінің нарығы ауқымды. Біз осы елге бірнеше жыл бойы электр энергиясын жеткізу мүмкіндіктерін зерттедік. Қытайда электр қуатын тұтыну көлемі артып келе жатыр. Сондықтан, болашақта энергияны экспорттауды жоспарлап отырмыз»,-деді Қанат Бозымбаев.

Сондай-ақ, Қазақстанның электр энергиясын Орталық Азия елдеріне экспорттауға болады. Алдағы уақытта Энергетика министрлігі Ауғанстан мен Пәкістан бағытына электр энергиясын өткізу жүйесін дамытуды қолға алмақ.

«КЕГОК» компаниясы еліміздің орталық және солтүстік өңірлерін энергия тапшы аймақтармен байланыстыратын желі салып жатыр. Электр энергиясы жетіспейтін оңтүстік аймақта электр энергетикасын дамытудың басқа да жобалары қарастырылуда. Қазіргі уақытта Қазақстан электр қуатын көрші Ресей еліне экспорттап жатыр.

ДереккөзInform.kz