Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

ЭКСПО: Қазақстанның ұлттық музейіне Наполеонның қылышы қойылды

Фото: Inform.kz

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары енді музейден императорлардың қылыштары мен жауынгерлердің өзге де қару-жарақтарын көре алады. Олар «Шығыс пен Батыс: Эрмитаж мемлекеттік жинағындағы көне қарулар» көрмесінде топтастырылған. Көрме «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің аясында ұйымдастырылып жатыр.

Қару-жарақ

Көрмеден Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия сынды өзге де елдердің ұрысқа, аңшылыққа, салтанатты шерулерге арналаған қару-жарақтарын көруге болады.

Қару-жарақ

Олардың хронологиялық жасы 15-19 ғасыр аралығындағы 400 жылды қамтиды.

Қару-жарақ

Олардың ішінде Наполеон Бонапарттың Тильзит келісімі кезінде Александр біріншіге сыйға тартқан қылышы да бар.

Қару-жарақ

Қару-жарақ

Мақалаға реакция

13 Пікір

  1. Ж
    Жанара 9 жыл бұрын
    Мен жалпы музей аралағанды жақсы кқремін. Ол елдің тарихымен таныстырады келген турстерді, қонақтарды. Мен барған елімде бірінші музейін аралап көремін
  2. Д
    Динара 9 жыл бұрын
    Барып көретін екен. Суреттерден көрген бөлек, барып көрген мүлде бір бөлек екен
  3. А
    Асқар 9 жыл бұрын
    Суық қарудың түрлерін көріп тұрмын. Ал, музей ішінде суретке түсуге бола ма? фотоаппарат үстап алыпты туристер
  4. М
    Мади 9 жыл бұрын
    Бос ойын кұлкіден көрі осындай тарихи шаралар болғаны дұрыс деп ойлаймын
  5. Н
    Нури 9 жыл бұрын
    Экспо да қазақтарға қарағанда турстер көп сияқты?
  6. К
    Көркем 9 жыл бұрын
    ЭКСПО тек болашақ энергиясы емес, тарихтың да қойнауына айналғандай!
  7. К
    Керім 9 жыл бұрын
    кеше ғана тамашалаған едім, осы жерге соқпай өтіп кетіппін, келесі жолы міндетті түрде көретін боламын!
  8. А
    Айдос 9 жыл бұрын
    көз сүрінеді тура. біріне кіріп технологияны, біріне энергетика, бірінен мәдениетті тамашалап жүре берсем, мұнда тіпті қылыштар орын тапқан. Керемет!
  9. Ж
    жандос 9 жыл бұрын
    15-19 ғасырдағы дүниелер эксподан көрініс тапқанына қарап көрме--мұражай деп атаса да болады екен.
  10. Ж
    Жазира 9 жыл бұрын
    Түркия, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия сынды өзге де елдердің қару-жарақтарымен қатар біздің ұлтымыздың саймандары бар болар.
  11. Ш
    Шура 9 жыл бұрын
    Наполеонның қылышын көруге барамыз енді. Бірақ бұл музей танымды болуы тиіс, көптеген жаңа экспонаттар бар екен
  12. С
    Самат 9 жыл бұрын
    Осындай музейлерге өскелең жастарды апару керек деп ойлаймын. Тарихпен танысып, көздері ашылады. Көпті білетін болады.
  13. Ж
    Жанат 9 жыл бұрын
    Бұл музей қай жерде екен? Жақында Астанаға ЭКСПО-га барамыз. Сонда барып көру керек екен