Әлеуметтік желінің жеті пайдаланушысы АҚШ президентінің үстінен шағым түсірген. Дональд Трамп пайдаланушыларды жазған сын-пікірлері үшін бұғаттап, АҚШ конституциясының бірінші бөліміндегі заңды бұзып отыр.
Заңда президенттің аккаунты «ашық пікір алаңы» болып табылады, бұл жерге кез келген адам өз көзқарасын айтып, ойын білдіре алады деп көрсетілген. Ал Дональд Трамп бұғаттаған пайдаланушылар Америка басшысының Твиттердегі жазбаларын оқып, пікір жаза алмайды.
Knight First Amendment институтының өкілдері АҚШ президентінен твиттердегі аккаунтын ашық ұстап, адвокаттардың ақысын төлеуді талап етіп отыр.
Дональд Трамп өзінің Twitter-дегі аккаунтын 2009 жылы ашқан. Осы күнге дейін 35 мыңнан астам жазба қалдырған. Қазіргі уақытта оның аккаунтына тіркелгендер саны 33 миллионнан асады.