Басты бетҚоғамҚазақстанда ...

Қазақстанда діни мекемелердің қызметін қолдау үшін «Уақып» қоры құрылды

Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Уақып» корпоративті қайырымдылық қоры құрылды.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, «Уақып» қорының қызметі коммерциялық емес қайырымдылық ұйым ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысының тиімділігін көтеру және діни мекемелердің қызметін қолдауға бағытталады. Қор президенті болып Қайрат Айтбай сайланды.

«Уақып» қорының міндеттері:

  • елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлес қосу;
  • тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобы мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмек көрсету;
  • балалар мен жастардың физикалық және интеллектуалдық дамуын қолдау;
  • діни радикализм мен экстремизмнің алдын-алу;
  • мамандардың біліктілігін көтеру және шалғайда орналасқан діни бірлестіктердің әлеуметтік мәселелерін шешу.

Осы аталған міндеттерді шешуге сауапты іс жасауға ниет білдірген елдің барлық азаматтары, Қазақстанның коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік және халықаралық ұйымдар шақырылады.

«Уақып» қорының өкілдері азаматтар қайырымдылық қолдауды қаржылай, жылжымалы және жылжымайтын мүлік түрінде көрсете алатындығын атады.

Қордың құрылтайшылары — ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Халықаралық діндер және мәдениеттер орталығы және Дін мәселелері жөнінде талдау және ғылыми-зерттеу орталығы.