Италия ғалымдары төрт жыл бойы зерттеу жұмысын жүргізген. Зерттеу жұмысына 7 мың адам қатысқан. Ғалымдар олардың қандай кофе ішетінін, қанша көлемде ішетінін бақылаған. Segodnya.ua сайтының жазуынша, кофені күнделікті пайдалану адам өмірін ұзартатын көрінеді.
Джордж Пунис пен оның әріптестері күніне 3 рет кофе ішкен ерлердің қуықалды безінің ісігімен екі есе сирек ауыратынын анықтады. Олар құрамында кофеин бар және кофеин жоқ кофенің екі түрінің қатерлі ісік жасушаларына әрекетін бақылаған. Құрамында кофеині бар кофе қатерлі ісік жаушаларының өсуін тоқтатып, олардың пролиферацияға қабілеттігін жояды екен. Ал кофеинсіз кофе ондай қасиетке ие емес. Бұның барлығы кофеиннің ісікке қарсы әсерінің бар екенін білдіреді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кофені қатерлі ісік ауруларын тудыратын өнімдердің тізіміне енгізген болатын. Бірақ бұл тұжырым толық дәлелденбеген. Ал шынында қатерлі ісік тудыратын кофе емес, оның температурасы болып табылады. Егер кофенің температурасы 65 градустан жоғары болса қауіпті. Себебі, ыстық сусындар өңештің қатерлі ісігін туғызуы мүмкін.