Басты бетЖаңалықтарҒалымдар өлімнен...

Ғалымдар өлімнен кейін өмір бар екенін дәлелдеді

«Адам, дін ойлап тапқандай, жұ­маққа немесе тозаққа емес, тап осылай параллель дүниеге кетеді», – деді Ланц. Өзекті жан өлгеннен кейін осында, ана жаққа кетіп бара жатып «қайта тіріледі». Оқымыстының пікірінше, адамның өмірі өсімдіктің тіршілік етуіне ұқсас келеді. Ол да өскін секілді алдымен солып қала­ды, артынан қайта көктейді. Бұдан туындайтын қорытынды біреу: өлім деген хикаяның соңы емес, ол – сана тіршілік етуінің жалғасы. Айтқандай, ғалымдар біздің сана-сезіміміздің тіпті де, адам миының жемісі емес екенін де дәлелдеп шықты. Олар бұған ойлаудың осынау аса маңызды органы жоқ адамдар да бар екенін, бірақ олардың соған қарамастан, керемет тіршілік етіп жүргендерін айғақ етеді.

Профессор Роберт Ланц болса, өзінің тео­риясын биоцентризм көз­қарасы тұрғы­сынан дәлелдейді. Былайша айтқанда, ол әлемнің күллі дінінің тіні – адам жанының өлмейтіні туралы қағидаттың ақиқат еке­ніне тоқталады. Бұдан бұрын осындай параллель әлем бар екені, өлгеннен кейін біздің санамыздың солай қарай көшетіні туралы ілімді Құрама Штаттардағы Ка­ли­­­форния университетінің ғалымдары ұсынып еді. Олардың теориясына сәйкес, бірқатар әлемде динозаврлар әлі де ерсілі-қарсылы шапқылап жүр, Американы еуропалықтар отарлаған жоқ, ал КСРО күні бүгінге дейін тарай қоймаған…

Айтқандай, Шотландиядағы Лох-Несс көлінің құбыжықтары, теңіз жылан­дары, жабайы адамдар – йети мен русалкалар сол қатар жатқан «дүниенің» жарқ етіп бір көрінетін бейнелері емес пе екен?! Ал Америка зерттеушілері микрочастицалардың екі немесе одан да көп әлемде бір тұста қатар өмір сү­ре беретіндерін, демек, олардың бір уа­қытта екі немесе одан да көп жерлерден көрінетіндері жөніндегі постулаттан туындаған тұжырымға келіп отыр.

ДереккөзЕгемен