22 маусым: Күн ыстық болады

Бүгін еліміздің кей жерлерінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауылды жел тұрады.

Республиканың батысы мен солтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа температурасы нормадан сәл төмен болады деп күтілуде. Ал қалған аумақта температура климаттық нормадан 4-7ºС жоғары болады.

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы тәуліктерде аптап ыстық болады, күндіз 33-39ºС, кей жерлерде 40-45ºС ыстық болады деп болжануда.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыс, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Температура түнде +14+16°С, күндіз +29+31°С.

ДереккөзBaq.kz